Таяуда басты сот процесі басталады. Бұл жаңалықты жәбірленушінің адвокаты хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның айтуынша, айыпталушы жасөспірім қазір Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада жатыр.
Сот оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қарастырмақ. Ал жәбірленушінің анасы келешекте мұндай оқиға қайталанбас үшін айыпталушыны оқшаулауды талап етіп отыр.
Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол реабилитациядан өтуде.