ЛГТБ-ға қарсы петиция жарияланғанда, отандық трансвеститтер киіз үйде билеп ұлтты қорлады (видео)

Фото: видеодан кадр

Үкімет ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияны қарастырып жатқанда, біздің отандық трансвеститтер ұлттық мәдениетті қорлау элементтері бар видео түсіруде. Әлеуметтік желіде киіз үй ішінде ашық образда билеген жастар ел ашуын тудырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Қалың көпшілік ашық образдағы бишілердің әрекетіне ашуланды.

Желіні шулатқан видеоға қатысты көпшілік наразылық білдіріп жатыр. Әлгі видеода трансвеститтер киіз үй ішінде жартылай жалаңаш ұлттық нақыштағы ою-өрнегі бар киім киіп билеген. Тіпті жерге жатып аунаған.

Видеода бір ұл мен екі қыз бой көрсеткен. Олардың биі бірден оқырмандардың сынына ұшырады.

«Қазақтардың абыройын қор қылмай-ақ қойса болады ғой», Ешқандай ар-ұят, намыс сияқты қасиет көрінбейді», «Ұлттық киімді қорлағаны үшін айыппұл салу керек», «Киіз үй мен ұлттық киімді қорламаңыздар», «Мына би қате болды. Өте ерсі», «Басқа билейтін жер табылмай қалды ма», — деп жазуда оқырмандар.