Фото: dw.com
Әлемдік жұлдыз Тилль Линдеманның концерті Meine Welt («Менің әлемім») туры аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Rammstein тобының солисінің жеке шоуы Алматы қаласында, 2026 жылдың 7 қаңтарында өтеді. Билеттер осы аптадан бастап сатылымға шығарылады.
Концерт Almaty Arena сахнасында ұйымдастырылмақ.
Сатылым жүйесі былай жүзеге асады:
- Бейсенбі күні сағат 12:00-де – Freedom Bank картасы иелері мен Freedom SuperApp қолданушылары үшін алдын ала сатылымы;
- Жұма күні 12:00-де – барлық платформада ашық сатылымы.
- Сонымен қатар, билеттерді тикетон және өзге де ірі онлайн-сервистер арқылы алуға мүмкіндік бар.
Еске салайық, Тилль Линдеман – немістің вокалисті, ақыны және лиригі. Сондай-ақ, ол – Rammstein, Lindemann және Na Chui металл топтарының фронтмені. Ақын Apocalyptica, Phantom Vision, Puhdys, Knorkator және Emigrate топтарының, сондай-ақ Ковач, Заз секілді танымал әншілердің әнін жазған.