Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

Әлемдік мұнай нарығы бүгін тағы құлдырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы «қара алтын» 6%-ға арзандап, бір баррель үшін 58 доллар 94 центке дейін түскен.

Мұндай құлдырау соңғы рет 2021 жылы ақпанда болған. Америка Қытайға салықты үсті-үстіне салып, көлемін 104%-ке дейін жеткізді. Ал, шығыстағы көршіміз 84% қарымта тариф енгізді.

Осы ретте инвесторлар бұл сауда соғысын өршітіп, жанармайға деген сұранысты төмендетеді деп болжайды. Бұл экономикалық өсімді баяулатады.