Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

«Күрмеуі шешілмеген Кублей»: БҚО атышулы сот ісі бүгін қайта жалғасты 

Орал қалалық соты шеше алмаған  Кублей зауытына қатысты дау бүгін қайта жалғасты. Зауыт иелерінің талап арызы бойынша іс бұдан былай БҚО облыстық сотында жалғаспақ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Осыдан бір ай бұрын, яғни 23 қарашада Орал қалалық соты өндірістік істі тоқтатқан болатын. Судья тараптарды ымыраға келуге шақырған еді. Алайда белгілі заңгер Бақытжан Базарбек соттың бұл әрекетін сол кезде заңсыздық деп атады.

Бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған облыстық соттың судьясы  Айгүл Маштақова, «Кублей» ЖШС өкілдері мен сотқа шақырылған жауап берушілер және үшінші тараптың өкілдері қатысты.

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында қатысушыларға сөз берді. «Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Судья шешім шығаруы тиіс болған. Бірақ қоғамдағы резонансқа байланысты сот шешім шығара алмаған.

«23 қара күні судья Жорабаев шешім шығарады деп үміттендік. Бірақ ол кеңесу бөлмесіне кетіп, ақыры  тараптарды татуласуға шақырды. Ол 23 қазанда шешім шығарып тастауы тиіс еді. Уақытты созды- созды. Оның әрекеті азаматтық процессуалдық іс жүргізуге сай емес. Жорабаев ҚР Азаматтық процессуалдық іс жүргізу кодексінің 273 бабын негізге алып, өзара ымыраға келуге шақырғанын айтты. Бұл жерде медиация бар, ымыра жоқ. Сондықтан мен  қалайша ымыра келу керектігін мүлдем елестете алмаймын және заңның талабы бұзылған деп санаймын. Өндірістік істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ. Ымыраға келу туралы қаулының күшін жойып, істі экономикалық соттың қарауына жіберуіңізді сұраймын», – деді «Кублей» ЖШС заңгері Жәнібек Башанов.

«Кублей» тарабының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастыруды, сәйкесінше, сот шешімін шығаруды талап етті. Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады.

«2022 жылғы 23 қарашадағы ұйғарым осы азаматтық іс бойынша өзгертілсін. Анықтаманың негізгі бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын, жеке шағымдар ішінара қанағаттандырылады. Ұйғарым жария етілген күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды Судьяның іс жүргізуді тоқтатқаны АІЖК 273 – бабының 7-бөлігіне сәйкес. Әріптестері мұны іс жүргізу нормаларын бұзу деп санамайды, өйткені соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқылы.  Сондықтан сот тараптарға дауды шешу үшін тағы да шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.  Бірақ АІЖК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес сот іс бойынша іс жүргізуді 273-баптың 7-бөлігіне сәйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Сондықтан 10 жұмыс күні аяқталды және мен тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуге келмегеніне көз жеткізгендіктен, мен іс бойынша өндірісті қайта бастауды талап етемін. Біз істі бірінші сатыдағы сотқа жібереміз, ол дауды мәні бойынша қайта бастауға және қарауға жатады. Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деді  БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Маштақова.

 

Еске салайық, «Кублей» ЖШС өкілдері өндіріс аумағына жақын жерден заңсыз құрылыс нысандарын слауға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасын сотқа берген. Әкімдіктің өкілдері 30 жылдық тарихы бар алып зауыттың жанынан тұрғын үй тұрғызуға не себепті рұқсат бергендерін нақты түсіндіре алмай келеді. Заңсыздықтың салдарынан зауыт жабылып қалған жағдайда, өндіріс орнындағы 700 адам жұмысыз қалса, тек БҚО 3,5 мыңға жуық ірі шаруа қожалықтары өсіріп отырған малдың етін өткізуден қағылмақ.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here