Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

«Күйеуі айқайлап жылады» – 8-қабаттан секірген әйелдің көршілері оқиғаның мән-жайын айтты

Алматыда 22 жастағы жүкті әйел тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер аман алып қала алмады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Куәгерлер «жас әйелдің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін» дейді. Жантүршігерлік оқиға түн ортасында көпқабатты үйде болған.

Әйелдің құлап түскен жерінде әлі қанның ізі бар. Күйеуінің айқайлап жылаған дауысынан оянып кеткен көршілер дереу жедел жәрдем шақырған. Зәресін ұшқан тұрғындар әйелдің қан-жоса болып жерде жатқанын айтады. «Үйінде ұрыс-керіс болған тәрізді» дейді.

Куәгер Мирас Жақыпов: «Мен үйде отырғанмын. Біреудің гүрс етіп құлағанын естідім. Айқай-шу көтеріліп кетті. Күйеуі бірден жүгіріп келді. Мен де шығып, жедел жәрдем шақырдым. Әйелдің қол-аяғы сынды. Күйеуі кеше өзін тым эмоционалды ұстаған еді. Маған ол мас болып көрінді», – деді.

Тұрғындар жедел жәрдемді ұзақ күтіп қалғанын айтады. «Аула тар, сондықтан жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі кіруі қиын» дейді.

Куәгер Жұмағали Әлімжанов: «Жедел жәрдемді 40 минут күттік. Олар жеткен соң, ауламызға кіре алмай, біраз уақыт айналып жүрді. Себебі, тұрғындардың көлігі аулаға кірер жолды жауып тастаған екен. Орын жоқ. Әйтеуір, дәрігерлер әйелді зембілге салып, алып кетті. Ол кезде әйел тірі еді», – дейді.

Науқас клиникалық өлім диагнозымен 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Жүктіліктің 9-10 аптасында болғаны анықталды. Дәрігерлер реанимациялық іс-шараларды жүргізгенімен, әйел есін жимастан қайтыс болды.

«Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қалалың Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here