Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тағы екі медаль алды

Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Бұл жолы әйелдер күресінен Анна Стратан мен Ұлдана Тілеухан көзге түсті.

Анна Стратан 57 келіге дейінгі салмақта грекиялық Мэри Маниді 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ұлдана Тілеухан (65 кг) қола жүлде үшін бәсекеде бейтарап спортшы, өткен жылғы Еуропа чемпионы Анастасия Команованы 17:2 есебімен ұтты.

Бұған дейін грек-рим күресінен Алпамыс Болатұлы (51 кг) мен Еркебұлан Анапия (80 кг) күміс жүлдегер атанған еді.

Фото: Olympic.kz