Күн қатты ысуы мүмкін: Қазгидромет алматылықтарға ексерту жасады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

10-11 маусым аралығында Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде өрт қаупінің жоғары дәрежедегі IV санаты жарияланды.

Сонымен қатар, құтқарушылар қала су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

«ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабының 3-бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға –100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-екі жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген»,- деп еске салды мамандар.

Яғни, өрт қауіпсіздігін бұзушы 369 200 теңге айыппұл төлейді.

Еске салайық егер, айыппұл 7 күн ішінде төлеген жағдайда оңайлатылған өндіріс тәртібімен төлем екі есе аз болады.

Бұдан бөлек, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты тұлғалар мен азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 412 — бабы бойынша 7 АЕК (25 мың теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.