«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз мерзімге тоқтатылды. Тараптар татуластыру сатысына өтеді, ал шешім шығарылмайды. Бұл туралы бүгін Орал қаласының №2 соты мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-на сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Судья істің тоқтатылуын қоғамдық резонанс тудыруымен байланыстырды. Сондай-ақ тараптардың ымыраға келіп, мәселені медиация жолымен шешуді сұрады. Ал оған екі тарап та қарсы болды.

Даудың басы 2020 жылы «Кублей» зауытының жанынан әкімдіктің «Циолковский» тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Зауыт басшылығының айтуынша әкімдік қаланың 2014 жылы Үкімет бекіткен бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салу туралы шешім қабылдаған. Өндірістік жерді тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған, дейді зауыт басшылығы.

Зауыт өкілдері әкімдікке, прокуратураға, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесіне, қалалық, облыстық сотқа арыз түсірген. Нәтижесінде 2020 жылдың 28 желтоқсанында сол кезде Орал қаласының әкімі болған Абат Шыныбековтің шығарған қаулысын негізсіз деп таниды. Десе де, соттың шешіміне қарамастан бірнеше аптадан кейін БҚО әкімдігіне қарасты мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесі «Ирменова» жеке кәсіпкерлігіне құрылыс жұмысын монтаждауға рұқсат береді. Осы жайттан кейін «Кублей» зауытының өкілдері 6 ай бойы арыз-шағым түсірумен айналысады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыс компаниясы көпқабатты үйді соғып тастайды. Алты айдан кейін облыстық прокуратура Орал қаласы әкімдігіне шығарылған қаулының заңсыз екеніне қатысты ұйғарым жібереді.

Ал зауыттың жанына үй салуға рұқсат берген әкімдік бұл мекемені зауытқа теңестіре алмайтынын, сол сияқты кәсіпорын 100 метрлік санитарлық аумақты бекіту үшін өтініш жазуы керек екенін алға тартты.

Алайда заңгер Бақытжан Базарбек ҚР Ұлттық экономика министрінің бекіткен бұйырығы бойынша өндірістік нысандардың санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша мұндай талаптар әкімдікке өтініш жазу арқылы бекітілмейтінін жеткізді. Яғни бұл талаптар арнайы ережемен бекітіліп қойған. Алайда құрылыс компаниясы зауыттан небәрі 42 метр қашықтықта үй салған. Министрлік бекіткен бұл арақашықтық кем дегенде 100 метр болуы керек, дейді заңгер.

Зауытта 700-ден астам адам жұмыс істейді, бір тәулікте 600 мың консерві шығарылады.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here