Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында куәгер Наргиза Незамединова оқиға орнында көрген жайттарын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Незамединованың айтуынша, қайғылы оқиға болған сәтте арықтау келген, қызыл бас киім киген бір ер адам Шерзатты ұрып жатқан. Ол төбелеске әйел адамның да араласқанын көргенін жеткізді.
«Шерзаттың анасы «балам» деп айқайлап, ұлының денесін жауып жатты. Бірақ олар анасының дауысына мән бермей, соққыны жалғастыра берді. Мен жақындаған кезде Шерзат әлі тірі еді. Оны көлікке салғанда дем алып жатты», – деді куәгер.
Сондай-ақ куәгер оқиға орнында «ат!» деп айқайлаған адамды естігенін айтты. Алайда оқ дыбысын нақты естімегенін және қару түрін анық көрмегенін мәлімдеді.13:26