Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Qazaq.today Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. 

Осы ретте, Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне келіп түскен өтініштер бойынша қызмет алушылардың бұзылған құқықтарытұрақты негізде қалпына келтіріледі.

Жүргізілген талдау нәтижелері азаматтар тарапынан түскен шағымдардың көпшілігі жер қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы іс-әрекеттерге қатыстығын көрсетті.

Атап айтсақ, көрсетілетін қызметті алушыныңарызын қарау барысында жеміс жидек сатуға арналған павильон салу үшін жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту туралы өтінішіне Орал қаласының әкімдігімен негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Негізсіз бас тартқаны үшін Орал қаласының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Департаменттің ұсынысы бойынша Орал қаласы әкімдігімен негізсіз бас тарту шешімі қайта қаралып 1 жылға ұзарту туралы оң шешім шығару арқылы бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыныңтұрғын-үй беру туралы шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісі анықталып, Департамент тарапынан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыным беріліп, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерітәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қызмет көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларында көзделмеген негіздермен бас тартқан.

Сонымен қатар, Департаментінің араласуы нәтижесінде қызмет алушыға тұрғын үйді беру туралы оң шешімі шығарылды.

Сондай-ақ, қашықтықтан жүргізілетін мониторинг қызмет көрсетушінің қызметіне кедергі келтірмей мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бақылауда ұсталады.

Атап өту керек, ағымдағы жылы барлық өңірлерде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram арналары іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген. Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

 

Qazaq.today