«Көп ақша жұмсамаған»: Қорғаныс министрі казиноға барған әскерилер туралы айтты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казиноға барған әскери қызметкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Онда (казинода – автор) қызметкерлер емес, әскери күштердің әскери қызметшілері бар. Қазір олардың әрқайсысы бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Тергеу қорытындысына сүйеніп, мен олардың одан әрі қызметті жалғастыруына қатысты шешімді қабылдаймын. Алдымен тергеуді жүргізіп алайық», – деді министр Сенат кулуарында.

Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің шеніне тоқталды.

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олар орта құрамдағы әскери қызметшілер. Жоғары құрамның уақыты жоқ. Өйткені, біз үнемі далада жүріп жұмыс істейміз», – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы олардың казинода қанша ақша жұмсағанына қатысты өз ойын айтты.

Әскери қызметшілер бойынша сома аз, – деді министр.

Алматы облысы прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсағанын хабарлады. Прокуратура дерегіне сәйкес, 305 мемлекеттік қызметкер казиноға барған.

Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үш қызметкерінің казиноға барғанына қатысы жауап берді.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі казиноға барған қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі ақпарат расталса, қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері ойын мекемелеріне барған жағдайлар бойынша қазір агенттіктің ішкі қауіпсіздік департаментінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Ал Ішкі істер министрлігі казиноға барған нақты 88 полиция қызметкерін анықтады.

Ақпаратта бірқатар полицейдің дерегі қайталанған. 88 полиция қызметкерінің 17-сі бұрын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынан босатылған, – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Заңнамасының талаптарына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданған.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here