«Контент үшін істедім»: Блогер Aii күйеуі Әділдің үйленуге ұсыныс жасағанда бәрін өзі дайындағанын жасырмады

Танымал блогер Aii күйеуі Әділдің үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желі жұлдызы Ыстамбұлда қыдырып жүргенде романтикалық оқиға болғанын “Мамский подкастта”айтып берді.

“Ыстамбұлға қыдырып бардық. Бір кезде Әділ “Кемеге мінейік” деді. Менің мінгім келген жоқ. Бірақ ол көндірді. Сөйтіп, теңізге шықтық. Бір кезде теңіздің ортасына жеткенде кемені тоқтатып, маған сақинасын көрсетті. Сол кезде бірден “Ешкім бізді түсіріп тұрған жоқ, Instagram-ға не саламын?!” деген ой келді. Бұл сөзімді контент жасап жүрген блогерлер түсінеді. Бірақ қарапайым адамдар жасандылық деп түсінуі мүмкін. Камерасыз жасалған ұсыныс өте шынайы шықты. Әділ де көп назар аударғанды ұнатпайды. Ертеңіне бәрін өзім ұйымдастырып, екінші рет ұсыныс жасады. Ол кез де өте ерекше болды. Әлеуметтік желіге де сол видеоны салдық”, – деді блогер.