Композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару сотталайын деп жатыр

Фотоколлаж: El.kz

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы сотталмақү Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа зорлады деп жар салған  Әнару Құрманәлінің өзі айыпты болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Боксшының әйелі Клара Иса Instagram парақшасында желі қолданушылары қойған сұраққа жауап берді.

«Анау әйел не болды осы? Экранға шыққан, зорлады деп?» — деп сұрақ қойды желі қолданушысы.

Оған боксшының жұбайы қысқаша жауап қайтарды.

«Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр», — деді Клара Иса.