Көліктің нарықтық бағасына 6 күнде 600 мың теңге қосылды

2 жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда автосалондардағы жаңа көліктер 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі көліктер құны 2 есе өскен.

Доллардың күннен-күнге қымбаттауы Қазақстандағы көлік бағасына да кері әсерін тигізіп жатыр. Айналдырған алты күнде жаңа көліктерге 500-600 мың теңге қосылған. Жүрілген машиналардың да құны мәз емес. Бағасы 400-500 мың теңгеге шарықтап шыға келді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сарапшылар осыдан 2 жыл бұрынғы нарықтың қазір күрт құбылғанын айтып отыр. Мәселен, автосалондардағы жаңа көліктердің бағасы бүгінде 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі автомобильдер 2 есе өскен.

Көлік сатушы менеджерлер жаңа машиналардың бағасының бұлай күрт көтерілуіне, автоөндірушілердің бағаны қазіргі нарыққа қарай көтеруі себеп екенін айтып отыр. Оған қоса, доллар құнының артуы да бағаға кері әсерін тигізген.

«Бізге автокөліктер сырттан – Ресей, Жапония елдерінен келеді. Ал бұл мемлекеттерде жыл басында көлік бағасы көтерілді. Оған қоса АҚШ валютасының курсы қазір тұрақсыз болып тұр. Біз көлікті долларға сатып алатындықтан, Қазақстанда да баға өсіп жатыр», – дейді автосалонның аға менеджері Сәбит Егембаев.

Көлік құнының қымбаттауы себепті сатып алушылардың да қатары сирей бастаған.

«Ішкі нарықтағы көлік бағасының қымбаттауының бірінші себебі шетелден келетін қосалқы бөлшектердің қымбаттауы болса, екіншіден, жаңа көліктердің бағасының өсуінен екінші нарықта да баға артып жатыр. Мысалы, 12-13 миллион теңге тұратын машиналардың бағасы қазір 15 миллион теңгеге жетті», – дейді автосарапшы Хуршид Раимов.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here