Көктемгі егіс науқанына 140 млрд теңге бөлінген

Фото: Pixabay

Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетілген несиемен қаржыландыру үшін Аграрлық несие корпорациясына 35 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл – екінші транш. 15 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш өткен айда аударылған. Бүгінде қаржының үштен бірі шаруалардың есепшотына түсті. Олар ақшаны топырақты дайындауға, тұқым мен тыңайтқышты және қажетті материалдарды сатып алуға жұмсауы тиіс.

Жалпы егін егу мен оны жинау жұмыстарына биыл 140 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан жеңілдетілген несиені алуға фермерлерден 2 мыңға жуық өтініш түсті.