Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

«Көкебаева көшіңдер деп жатыр»: Барахолка базарындағы кәсіпкерлер Жетісу ауданы әкімінің әрекетіне қарсы наразылыққа шықты

Алматыда жүз елуге жуық кәсіпкер Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаевадан қысым көргендерін айтып, наразылыққа шықты. Саудагерлердің сөзінше, аудан әкімі мемлекеттік лауазымды қызметкер бола тұра өкілеттілігін асыра пайдаланып отыр. Көкебаева қолында ешқандай соттың шешімі болмаса да, «Рахат» базарындағы саудагерлерден орындарын бір айдың ішінде босатуды талап еткен, деп хабарлайды  qazaq.today агенттігі.

Тіптен ол Барахолкадағы басқа базарлардың директорларын ертіп келіп, солардың сауда кешендерін жалға алуды ұсынған. Аудан әкімі базарға жиі келіп, кәсіпкерлерді үгіттеумен айналысып жүр дейді ашынған саудагерлер. Көкебаевадан зәбір көрдік деген кәсіпкерлер қолдарына плакат алып, наразылыққа шықты.

Олар «әкімдіктің көмегінсіз ақ ширек ғасыр өз өзімізді асырап келдік, тыныштық беріңдер»  деген талап қойды.  Алматы әкімдігі 25 жыл сауда істеп келе жатқан кәсіпкерлерден, базардың «санитарлық аймақта» екенін айтып, жерді бостауды 2018 жылы талап еткен. Бірақ саудамен күн көрген екі жүзге жуық адам бұл пікірмен келсіпей, үш жыл соттасып, ақыры 97 соттық жер телімін басқа компанияға бергізбей, қаулының күшін жуырда жойғызған. Олар қала әкімі Досаевқа қолданыстағы жерді жалға алу мерзімін ұзартуды сұрап, арыз да жіберген. Кәсіпкерлердің арызы енді Жер комиссиясында қаралмақ.

«Жерді алдағы уақытқа жалға алу мерзімі жөніндегі келісім бұзылып отыр. Соның кесірінен қазір 140-қа жуық кәсіпкердің құқығы тапталып отыр. Мұның барлығы сот барысында дәлелденді. Жер Кодексі бойынша бұл жерді жалға алуда бұрыннан жалдаушылардың құқықтық артықшылығы бар. Соны  біле тұра Жер қатынастары басқармасы мен қала әкімдігі оны айналып өткен. Кәсіпкерлер жер мәселесі бойынша неше жылдан бері соттасып келеді, үш жыл ішінде 11-ге жуық сот ісі қаралды, 6 аппеляциялық арыз жібердік, Жоғарғы сотқа 4 рет арыз жаздық. Нәтижесінде 2022 жылдың қаңтарында Алматы қалалық аппеляциялық сотының қаулысымен Бауыржан Байбек шығарған қаулының күшін жойып, бұл жер өзге мекемеге берілмейтін болды. Осылайша «Рахат» базарының кәсіпкерлері әділдікке қол жеткізді. Алайда Алматы әкімдігі тарапынан қысым жасалып жатқанын көріп отырмыз. Жетісу ауданының әкімдігі кәсіпкерлер өзге базарға көшсін деген шарт қойып отыр. Олардың мұндай нұсқаулықтары заңсыз. Өйткені базар иесі жердің жалға алу мерзімін ұзарту бойынша қайта өтінім жіберіп қойды. Оның жауабы шықпай жатып әкімдік кәсіпкерлерді орнынан қуа алмайды»,- дейді заңгер Бақытжан Базарбек.

Жетісу ауданының әкімі 97 соттық жерге автотұрақ немесе сквер салынатынын айтып, бір айдың ішінде басқа жаққа көшуді сұраған. Алайда кәсіпкерлер олар ұсынған «жайлы» орындарға барудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

«Әкімдіктегілер жанымызда салынған базарға барыңдар, сол жерден орын табылады дейді. Аудан әкімі бір айдың ішінде көшіңдер деп жатыр. Барып сұрадым, орынды 20 мың долларға сатамыз деп отыр. Менде ондай ақша жоқ. Әкімдіктегілер орынға кепілдік береміз дегендей айтады. Иә, мен барып 2-3 ай тұрармын, бірақ «мына орынды сатып алатын ақшам бар» деп басқа адам келсе базар иесі оған бірден сатады. Сонда біз далада қаламыз ғой. Сол үшін бізге осы жерде жұмыс істеуімізге мұрсат берсе екен, мазамызды ала бермей. Осы жолы келіп бір ай уақыт береміз, орынды босатуды талап етті», – дейді кәсіпкер Жазира Қалымбетова.

«Олар кепіл бермейді ешқандай. Маған небәрі 15 шаршы жерді  25 мыңға жалға беріп,  ертең келеді де сатып ал дейді. «20 мың долларға сатып ала алмадың, кет, шық, босат» дейді. Сонда мен далада қалам. Тыңдайтын үкімет қайда? Біз әкімдіктен, үкіметтен ештеңе сұрап отырғамыз жоқ. Тек жұмыс істеуге мүмкіндік, тыныштық берсін», – деді кәсіпкер Тимур Руфатов.

Кәсіпкерлер аудан әкімі соңғы рет келіп кеткен соң, базардың электр жарығынан ажыратылғанын айтады.

Жұмыстарын жалғастыру үшін олар амалсыз күніне 60 мың теңге төлеп, генератор жалдаған. Алайда аудан әкімі өзінің  кәсіпкерлердің құқығын бұзбағанын, керісінше жайлы орын тауып бергісі келгенін айтады.

 «Олардың жалға алуға құқықтары жоқ.  Қалай айтсам болады екен? Соңғы соттың шешімі бойынша бұл жер мемлекеттің меншігінде. «ТКМ» ЖШС жалға алу бойынша арызды 2018 жылы берген. Әкімдік олардың жалға алу мерзімін ұзартуға 2019 жылы  «отказ» берді. Одан кейін әкімдік жиһаз фабрикасын салуға қаулы шығарған. Олар оған қарсы болып тағы соттасты. Сот үш жылға созылды. Бірақ, олардың құқығы содан бері жойылды. Одан бері әкімдіктің қаулысы жоқ. Базар ескі, жаңармаған. Біз кәсіпкерлерге жылы, ыңғайлы жерді ұсындық.  Біз базардың басқа директорларымен жұмыс істедік. Кәсіпкерлердің құқығын ешкім бұзып отырған жоқ. Бұл орынға автотұрақ болуы немесе сквер салынуы мүмкін. Әлі нақты емес. Мен бір ай уақыт бердім басқа жаққа көшуге. Кәсіпкерлер жалға алу мерзімін ұзартуға жақында ғана арыз берді. Соттың шешімі  шыққалы үш ай өтті, олар неге осы уақытта арыз бермей, енді неге арыз берген? Мен келісімді бастағанда олар қарсы шығып отыр. Қалалық әкімдік мені қолдайды деп үміттенем», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.

«ТКМ» ЖШС-нің заңгері Жәмилә Төленова аудан әкімдігі өз құзырына жатпайтын мәселені мойнына алып отырғанын айтады. Айтуларынша Жер кодексінің 37 және 47 баптары бұзылған. Жерді жалға беру мерзімін ұзарту ауданның емес, қалалық әкімдік пен Жер комиссиясының құзырында.

«Аудан әкімдігінің не себептен базарды босатыңдар деп заңсыз талап қойып отырғаны біз үшін жұмбақ. Осы базар дауымен айналысып жүргеніме 7 жыл, ал соттасып жүргенімізге 5 жыл болды. Егер олар айтқадай бұл жерге автотұрақ салынатын болса, алдымен қаланың бас жоспары және жерді игеру мақсаты өзгеру керек. Қазір олар туралы мәлімет жоқ. Бұл жерді пайдалану бойынша «ТКМ» ЖШС-нің артықшылығы бар. Заңда жерді пайдаланушы талаптарды бұзбаса өзгелердің алдында артықшылық құқығы бар. Басқа компаниялар тек «ТКМ» жерді пайдаланудан бас тартқанда ғана алуға құқылы. Көкебаеваның базарға келіп, талап қоюы өкілеттілігін асыра пайдалану. Бұл лоббизм, әлде аудан әкімі заңнан жоғары ма? Қаланың жаңа әкімі Досаев дауды біржолата тоқтатып, кәсіпкерлерге өздері пайдаланып келген базарды қалдырады деп үміттенеміз. Егер жерді қалдырған жағдайда кәсіпкерлер заманауи сауда кешенін салуға дайын. Инвесторымызда бар. Базарды жаңартуға әкімдіктегілер мүмкіндік бермей келеді» – деді заңгер Ж.Төленова.

Базарға көз тіккендерден шаршадық деген заңгерлер мен саудагерлер мәселеге Президенттің араласуын сұрады.

 

 

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here