Қаза тапқандар бар: Алматыда тағы бір автобус апаты болды

Фото: Stan.kz

18 шілдеге қараған түні Медеу ауданында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Полицияның мәліметінше, “Toyota” автокөлігі Талғар тас жолымен келе жатып қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп жеке тасымалдаушыға тиесілі автобусқа соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы көз жұмды.

“Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.