Фото: Ақорда
Астанада өтіп жатқан дүбірі жер жарған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салты көрерменсіз ететін болды. Ұйымдастырушылар алаяқтарға алданып билеттер сатып алмау керектігін ескертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жабылу салтанатын қазақстандық жетекші телеарналардан тікелей эфирде көруге болады. Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірді. Ұйымдастырушылар ойындардың жабылуына арналған билеттер сатылымы туралы хабар тарағанын айтты. Билеттердің сатылмайтыны және кез келген ұсыныстың алаяқтық екені ресми түрде айтылды.
«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендердің қатысуынсыз өтеді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынаса, этноауылдағы мәдени бағдарламада күн сайын 100-ге дейін іс-шара қамтылған. Ұлттық музейде 12 елдің сарапшылары қатысқан «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» атты халықаралық конференция аяқталды.
8-13 қыркүйек аралығында Астанада көшпелі өмірдің түрлі мәдениеті мен дәстүрін көрсететін Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам қатысып жатыр.