Көшеде мас күйде жүрген қазақстандық шенеуніктің видеосы тарады

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде қала көшелерін кезіп жүргені туралы видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Видео Facebook желісінде жарияланған. Пост авторы кадрдағы мас адам табиғат қорғау прокуроры екенін айтады, деп жазады еl.kz.

Видео көпшіліктің наразылығын тудырды.

Бұл әрекеті оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар прокурордың Қазақстан Республикасының заңдарын елемейтіндігін көрсетеді, оның құзыреті мен этикасына қатысты түрлі сұрақтар туғызады, — деп жазған автор.

Ал Батыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметі прокурорға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Олар нәтижені кейінірек жарияланатынын айтты.

28