Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.