«Кішкентай Бишімбаев». Астанада екі жастағы бүлдіршін буллингке ұшырады

Астана қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар баланың буллингке ұшырауына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тиісті шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.

Бүлдіршіннің анасы ведомствоға ресми түрде жүгініп, өз шағымын білдірген. Күні кеше ол Комитет төрағасы Насымжан Оспановамен кездесіп, орын алған жағдайды жан-жақты баяндады.
Кездесу нәтижесінде аталмыш оқиға бойынша тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. 28 сәуір күні Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті арнайы тексеруді бастайды.
Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, балалардың құқықтарына қатысты түскен әрбір өтініш пен шағым мұқият қаралады және назардан тыс қалмайды.
Әр бала – қауіпсіздік пен қамқорлыққа лайық, – дейді ведомство.