Фото: kaz.inform.kz
Жуырда Энергетика министрі болып тағайындалған Ерлан Ақкенженов ант берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», — деді Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Үкімет мүшесінің қызметіне табыс тіледі.