«Әкім байың болса, барлығы жетіп келеді»: Мақпал Жүнісова достарына ренжіді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Желіде әнші Мақпал Жүнісованың концертте айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Достарым» атты әнінің тұсауын кескен өнер жұлдызы өз өмірінен сыр шертті.

«Жылдар өте достардың қатары сирейді екен. Оның сырын кейде түсінемін, кейде түсінбей қаламын. Басыңа күн туғанда достар қашып кетеді екен де, қасыңда әкім байың болса, барлығы жетіп келеді екен. Оны да түсіндім. Сондықтан қиындықта да, қуанышта да достарыңыз адал болып, жандарыңыздан табылсын», — деді ол ән кешінде.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір білдірді.

«Үлкен сахнада тұрып, қалай болса, солай сөйлейді», «Жалпы Мақпал сахна этикасын сақтаса екен», «Дұрыс айтасыз, біз сізді жақсы көреміз», — деді олар. 

@diko_alina #алдараспанәзілдері #мақпалжүнісова ♬ оригинальный звук — Динара