Киік етінен 5 тоннадан астам консерв алынды

Коллаж: Qazaq Today

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылы киік етінен қанша консерв жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«2023 жылы киік етінен 5 425 килограмм консерв өндірілді. Киік етінің консервісі Қостанай облысында (Қостанай және Арқалық қалаларында), Астанда сатылды», — делінген Kazinform сайтына жолданған жауапта.

Сондай-ақ, жауапта киік етін консервілеумен жалғыз кәсіпорын ғана («Торғай ет» ЖШС) айналысқаны айтылған. Бұл кәсіпорын киік етін консервілеуді 2023 жылдың желтоқсан айында тоқтатқан.

«Ет өңдеуші кәсіпорындар киік етін қайта өңдеуді мақсат етіп отырған жоқ. Өйткені олар негізінен ірі қара мен ұсақ малдың етін өңдеуге бағдарланған», — деп жазылған министрлік мәліметінде.