«Кезінде ішетінмін»: актер Еркебұлан Тоқтар өткен өмірінен сыр шертті (ВИДЕО)

Еркебұлан Тоқтар өзімен қалай жұмыс істегенін, осындай дәрежеге жету жолын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Мен кезінде ішетінмін. Сол берекені қашырған, менің ойымша. Мен сол кезде де ақша табатынмын, бірақ соның жемісін көрген жоқпын. Неге, не үшін ішкенімді білмеймін», – деді ол.

Сөз арасында актер 22 жасында университет бітіргеннен кейін бірден шығармашылық жолға түсіп, киноға түсе бастағанын баяндады.

«Жұлдыз ауруы басталды. Киноға түсе бастадым. Салаға етене араласа кеттім. Ондағы адамдардың қандай екенін көрдім, бірақ оларды жамандыққа қиып жатқан жоқпын. Әркімнің өз таңдауы, бірақ еліктегенім рас. Әр жұма, сенбі клубтарға барып, қыдырғанымды жасырмаймын», – деді әртіс.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ ↗ЖАЗЫЛАМЫЗ (@juldyzdar_news)