Кездесуге қыздарды қолданған: Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: Алматы ПД

Алматыда үйлерді тонап, шабуыл жасау үшін қыздарды пайдаланған қарақшылар мен тонаушылар тобы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қылмыскерлер мынандай жолмен әрекет етіп отырған: танысу сайттарында қыздар ер адамдардың назарын аударған. Содан кейін жеке кездесу кезінде сыбайластары оларға шабуыл жасап, ақшалары мен бағалы заттарын тартып алған.

«Бүгінгі таңда жедел-іздестіру шаралары барысында осыған ұқсас 6 қылмыс жасағанын мойындаған 26 адам ұсталды. Күдіктілердің барлығы қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Біз күдіктілер жасаған басқа да ықтимал қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Мұндай әрекеттер қылмыс құрбандарына да, жалпы қоғамдық қауіпсіздікке де ауыр зиян келтіретінін айта кеткен жөн», – дейді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.

Алматы полициясы, ғаламторда танымал танысу сайтын өздерінің қылмыстық мақсатына пайдаланатын қылмыскерлердің белсенді топтары бар екенін ескертіп, интернетте адамдармен танысқан кезде мұқият және сақ болуға шақырған болатын.