«Кеткен саяси тұлға саясатқа араласпауы тиіс»: депутат Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбаты жыл қорытындысы ғана емес, оның билік басына келген уақыттан бергі жұмысының басты аспектісі ретіндегі терең баяндама. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бұл сұхбаттың басты өзектілігі Президент өткен кезендегі саяси оқиғаларға, халықты толандырып отырған қоғамдык меселелерге ашық жауап  берді. Сұхбаттың мемлекеттік тілде шығатын газетке жариялануы Президенттің  мемлекеттік тіл мертебесіне терең назар аударатындытын білдіреді және ана тіліміздің саяси тұтқаға айналғандығының белгісі. Сонымен қатар, қоғамда тараған «қос билік» жөніндегі қауесет әңгімеге қатысты да пікір білдірді. Шыны керек, еліміздегі ескі биліктің өзінің экономикалық мүдделерін қорғап қалу үшін мемлекетті басқаруға қосарлануға тырысқандығы анық. Реакциялық күштер өздерінің «өзі би, өзі қожа» кездерін аңсап, мемлекеттік басқару тетіктерін қайтаруға күш салғаны да  анық. Дегенмен, бүгінде халыктың басым көпшілігінің мандаты негізінде билік Президент Касым-Жомарт Токаевтың нық қолында», — деп жазды депутат.

Оның айтуынша, бүгін ескі жүйенің істеген қателіктері мен шалыс қадамдарын түзету кезеңі өтіп жатыр.

«Кетсең-кет!». Өте дұрыс аксиома! Кеткен саяси тұлға саясатқа араласпауы тиіс! Осынау күрделі турбулентті заманда Президент билігі нық және мықты болуы керек! Нық билікпен саяси плюрализмді қолдай отырып даму керек. Елімізде саяси реформалар іске асып келеді. Қазақстан перманентті сайлау кезеңінен өтті. Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Сонымен қатар, экономика саласында структуралық өзгерістер жасау керек. ІшкІ жалпы өнім өскенімен, сол өнімнің халық арасында әділетті жеткізу проблемасы бар. Экономикалық теңдік мәселесі де өзекті, елде кедейлік деңгейі артып келеді. Енді келесі кезең саяси реформаларды халықтың әл-ауқатын арттыру фундаментіне ұластыру», — дейді Саиров.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаевтың сөзінше, Мемлекет басшысы сын сағаттарда дұрыс шешім қабылдаған. Қасым-Жомарт Тоқаев батыл шешім қабылдамағанда, Қаңатр оқиғасы азаматтық соғысқа ұласуы да мүмкін еді. Президенттің сұхбатынан Қаңатр оқиғасының шығу себебін, оның қалай өрбігенін ұғуға болады.
«Барлық елде шешім қабылдаушы тұлғалардың, мемлекет басшыларының мәлімдемесі, сұхбаты, халыққа Жолдауы қоғамның назарын аударатыны сөзсіз. Бұл белгілі кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылайтын, мемлекеттің келешек даму векторының контурларынан хабар беретін, халықаралық қатынастағы геосаяси процестерге қатысты белгілі месседждер белгісі көрінетін қоғаммен байланыстың бір формасы», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, сұхбатта ел өміріндегі, халықаралық қатынастағы процестерге қатысты маңызды тақырыптар көтерілген.

«Президент еліміздегі негізгі саяси реформалар барысына тоқталып, Мәжіліс, маслихаттарды жаңа талаптармен, ауыл, аудан мен қала әкімдерін халықпен сайлаудағы реформалардың басты мақсаты саяси жүйені демократиялы, бәсекелі форматқа түсіру екендігіне тоқталған», — деді Серікбаев.

Ол атағандай, Қазақстанда әділ және бәсекелі экономика жүйесін қалыптастыру бағытында реформалар барысы 2024 жылы да жалғасады.

«Негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі 2029 жылға қарай ІЖӨ-ді 450 млрд долларға жеткізу. Еліміздегі инженерлік инфрақұрылымды толық жаңарту бағытында Үкіметтің жұмысы белсенді жүргізіледі. «С5+» форматындағы ықпалдастық, барлық көршілерімізбен, әлемнің барша елдерімен өзара әріптестік, дипломатиялық, достық қарым-қатынасқа негізделген теңгермелі, тежемелі сыртқы саясатымыз жалғасады. АЭС құрылысын салу бүкілхалықтық референдуммен шешіледі. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының орындалуының бір көрінісі болмақ», — деді ол.

Сарапшы атағандай, қоғамда бар мәселелер мен сауалдарға, халықаралық қатынастағы процестерге Мемлекет басшысы тарпынан терең, мағыналы жауаптар берілген.