«Әкесі – дүлдүл, анасы – бұлбұл!»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Суырыпсалма ақын жеке парақшасында қос өнерпаздың ұлына өлең де шығарып үлгерді.

Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.

«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой», – деп жазды ақын.

Одан кейін жыр шумақтарын арнады. Ерке Есмахан ұлының атын Батыр деп қойған еді.

«Әкесі – дүлдүл,
анасы – бұлбұл!
Кіндік шешесі – ақын,
Өзі – Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр…», – деп жазды ақын.