Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы, балаларының анасы Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында жыр-шумақтарын арнады. Актриса 37 жасқа толды.
«Жүрегімнің дауасы,
Ұл-қызымның анасы,
Лайықты жан өзіме,
Дүниедегі жанашыр,
Ыстық оттай сезіммен.
Заманым тыныш өзіңмен,
Жұлдызым туған күніңмен», – деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда актрисаның оқырмандары әншінің бір күн кешігіп құттықтағанын жарыса жазып жатыр.
“Күні бойы Қайраттың қалай құттықтағанын күттім”, “Жұлдыздың туған күні кеше өтіп кетті”, “Екеуін бірге көрсем, қатты қуанамын”, “Қайрат кешігіп қалды”, “10 жыл үйде отырған әйеліңе гүл де бермейсің бе?!”, “Осындай да құттықтау бола ма, гүл мен сыйлық қайда?!”– деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram