Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым продюсер, Баян Мақсатқызының күйеу баласы Әділжан Юсупов жайлы естелік айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әділжан Юсупов – Жарқынай Ханайымның продюсері әрі қайын ағасы.
«Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ марқұм көзінің тірісінде өнер иесінің жеке өміріне қатысты да қолдау білдірген.
«Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдап келдіңіз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз», – деп жазды өнер иесі.