Кенияда тасқыннан 35 адам қаза тапты

Фото: БелТА

Біріккен ұлттар ұйымы Кенияда маусымдық жауын-шашын салдарынан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұдан бір күн бұрын елдің астанасы Найроби су астында қалды. Онда жергілікті өзен арнасынан асып кетіп, жүздеген үйді су басқан. Ауыл шаруашылығы жерлері бүлінген.

Кенияның қызыл крест ұйымы халықты көшкін қаупі туралы ескертті.

Мәліметтерге сүйенсек, қазір аймақта эвакуация жүріп жатыр. Синоптиктердің айтуынша, жаңбырлы маусым мамыр айының соңына дейін жалғасады.