Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде тойы болып жатқан жігіттің әкесі қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы ақпарат aqtobe.today инстаграм парақшасында жарияланды. Видеоны күйеу жігіттің қарындасы бөліскен.
Желі қолданушылары әр түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Келіннен көруге болмайды… Алла қалай жазады, солай болады», «Өте өкінішті, әке баға жетпес жан ғой», «Баласының тойын күткен ғой», — деп жазды олар.