Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 92 адам, 15 техника, 4 мотопомпа тартылған. Әуеден су төгуді «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының 5 адамдық экипаж жүргізіп жатыр.
«Биыл дала өртімен күрес жұмыстары үшін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына арнайы техника сатып алуға республикалық бюджеттен 285 млн теңге бөлінді. Ал Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 30 негізгі және арнайы техника сатып алуға жергілікті бюджеттен 1, 5 млрд теңге қаралды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Каспий теңізінің жағалауында 6 шілдеден бері қамыс өртеніп жатыр.
Qazaq.today