Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізінде шомылып жүргенде суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте сағат 19:40-та Ақтаудағы 7а шағынауданында болғанын хабарлады.
«Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағадан 100 метр) төтенше жағдайлар департаментінің күштері (тоғыз құтқарушы, екі техника, бір жүзу құрылғысы және бір дрон) Т.-ның мәйітін тауып, судан шығарды», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Марқұм 18:55-те шомылуға болмайтын жерде суға түскен кезде суға батып кеткен. Ол 2003 жылы туған.
Фото: Pixabay