Бүгін таңертең сағат 06:00 шамасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме компаниясының «Сұңқар» кемесінің экипажы Каспий теңізінде үрмелі матрасқа отырып, жоғалып кеткен үш қызды тапты, деп хабарлайды Qazaq.today Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме беріп.
Қыздар ашық теңізге кеткен соң, жағалаудан 22 шақырым жерде болған. Олардың денсаулығы қалыпша. Бәріне де медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, кеше үш қыз ашық теңізге үрмелі матрасқа отырып, жоғалып кеткен еді. Оларды Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен полиция департаментінің қызметкерлері бірігіп, іздестірді. Сонымен бірге, «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды.
Qazaq.today