Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы қалпына келтірілді

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы толығымен қалпына келтірілді. «Құрманғазы» мен «Исатай» мұнай шығару станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды qazaq.today сайты Каспий құбыр консорциумының ресми сайты-на сілтеме жасап.

Каспий құбыры консорциумының баспасөз қызметінің мәліметінше, «КҚК-К» АҚ қызметкерлері мен мердігерлері ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған оқиғадан кейін бірден қалпына келтіру жұмыстарын бастаған. Бұған «KEGOC» АҚ-ның электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясының апаттық бригадалары белсене атсалысқан. Консорциум аталған кәсіпорынның өз апаттық қорынан қажетті 220 кВ-тық тірек бөліп, оларды жедел тиеу мен жөнелтуді ұйымдастырғанын атап өткен. «Қазіргі уақытта Теңіз-Новороссийск мұнай құбыр жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр, бұл мұнай жөнелтушілердің сұраныстарын орындауды қамтамасыз етед», – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 27 шілдеде болған қатты желден электр желісінің жеті тірегі құлаған. Салдарынан «Құрманғазы» мен «Исатай» станцияларын энергиямен жабдықтауда қиындықтар туындады.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here