Әлеуметтік желілерде алаяқтар «Каспи банктің мобильді қосымшасы» арқылы жалған хабарламалар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі.
Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің (gov.kz) хабарлауынша, салық міндеттемесін орындау туралы «Төлеу» қойындысымен «Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды» деген мазмұндағы ақпарат тарап жатыр.
«Ақпаратқа кірген кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдер растауынсыз ақша есептен шығарылады», — деп ескертеді ведоство өкілдері.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражатты рұқсатсыз есептен шығаруды болдырмас үшін салық бойынша берешектің бар/жоқ екені туралы мәліметтерді келесі ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:
«Каспи банкі» АҚ («Барлық төлемдер» сервисінде → «Айыппұлдар және салықтар» → «Салықтар» → «Салық берешегін төлеу» → «Тексеру»);
«Халык банкі» («Барлық төлемдер» сервисінде → «салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері» → «Салықтар» → «Салық берешегін төлеу (көлік, жер және мүлік)» → «Тексеру»);
«e-Salyq Azamat» («Электронды сервистер» қойындысы → «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі»→ «ЖСН-ды енгізу» → «Іздеу»).
«Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдер бұл әркімнің парызы және міндеті. Бұл ретте сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!» — деді департамент өкілдері.