Антикордың Шымкенттегі департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин жеке меншікке заңсыз берілген қанша жер учаскесі қайтарылып жатқанын хабардар етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның жазуынша, Шымкентте тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылған.
«Қазіргі таңда сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — дейді ол.
Ерғариннің жазуынша, бұған дейін Алматы қаласында тау бөктеріндегі құрылыс саласында осы тұрғыдағы заңбұзушылықтар анықталған.
Qazaq.today