АҚШ-тың Калифорния штатында өрт салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің есебіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Итон» өртінде 16 адам мен «Палисейдс» өртінде 8 адамның қаза тапқаны расталды», — делінген есепте.
Палисейдс, Херст және Итон аймағында өрттер жалғасып жатыр.
АҚШ ауа-райы қызметінің дерегінше, ең қатты жел сейсенбіде болады деп күтілуде.
Тілсіз жау 1,8 миллионға жуық тұрғыны бар Сан-Фернандо алқабына да таралуы мүмкін.
Лос-Анджелестегі өрттер 7 қаңтар күні басталып, ең алапат өрттердің біріне айналды. Шамамен 10 мың ғимарат өртенді. 180 мыңға жуық адам эвакуацияланған.