Sorting by

×

Көшелер жабылады: Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты автобустар бағытын өзгертті

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Qazaq.today.

19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

«Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді», — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, балама жолдарды таңдап алуларыңызды сұраймыз.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі