Қазақстан ҰҚК-нің экс-төрағасы және 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің атына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Ұлыбританиялық The Telegraph басылымы Freedom for Eurasia ұйымының “Napoleon Complex” атты баяндамасына сілтеме жасап, оның астрологтарға орасан қаражат жұмсағанын, сондай-ақ 100 000 фунт стерлингке жуық Наполеон хаттарын сатып алғанын хабарлады.
Кәрім Мәсімов пен Тони Блэр: байланыс тағы да назарда
Баяндамада 2012 жылы түсірілген фотода Кәрім Мәсімов пен Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэр бірге бейнеленген. Бұл – Блэрдің Қазақстан үкіметімен бұрынғы қарым-қатынасына қоғам назарын қайта аудартты.
️ Блэрдің өкілі бұл есепті «Tony Blair» есімін пайдаланып қара пиар жасау әрекеті деп бағалап, бұрынғы премьердің ешқандай жемқорлық іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, басты мақсат — Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік реформаларға көмектесу болған.
Жемқорлық айыптары мен қымбат өмір салты
“Napoleon Complex” баяндамасындағы деректерге сәйкес, Мәсімов жемқорлық жолмен жиналған қаражатты келесі мақсаттарға жұмсаған:
-
Ресейлік астрологқа 200 000 доллар
-
Париждегі Disneyland, Ritz қонақүйі
-
Бес шетелдік мүлік
-
Mercedes-Benz көліктері
-
100 000 фунт стерлингке жуық Наполеон хаттары
Бұл деректер бұрынғы шенеуніктің қымбат хоббилері мен сән-салтанатқа құмарлығын көрсетіп отыр.
Сот үкімі
Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, мына баптар бойынша айыпты деп танылды:
-
ҚР ҚК 175-бап (Мемлекеттік опасыздық)
-
179-бап (Билікті күшпен басып алуға немесе ұстап тұруға шақыру)
-
362-бап (Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану)
Сот үкімі:
-
18 жыл бас бостандығынан айыру
-
Мүлкін тәркілеу
-
Өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру