Астанада күніне 50 мың теңге төлейтін «жұмыстың» жарнама парақтарын таратқан ер адам сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол есірткі, психотроптық заттардың немесе олардың аналогтарының, прекурсорлардың заңсыз айналымы бойынша мәліметтері бар жарнама парақтарын Астанадағы ғимараттардың қабырғасына жабыстырған.
Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.