Көктемде оқушылар қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Министрлік мәліметінше, үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

Ал көктемгі демалыс 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Осылайша, оқушылар 11 күндік демалыс алады.