Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл сұрақтың жауабын айтты.
Жылу электр орталығы 2025 жылы басталады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЖЭО-нық құрылысы қашан басталатыны айтылды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері облыс әкімінен таңдаудың неліктен ресейлік «Интер-РАО-Эксперт» компаниясына түскенін сұраған.
– Қазір құрылыстың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Біз ЖЭО-ның орнын анықтадық. Айта кету керек, оны үкімет 7 пайызбен 20 жыл бойы субсидиялайды. Өз субсидияларын ұсынатын басқа компаниялар жоқ. Бекітудің барлық кезеңі аяқталды. 2025 жылдың жазында ЖЭО құрылысы басталады, – деп жауап берді Марат Ахметжанов.
Еске салайық, 2024 жылдың 27 қарашасында Мәжіліс депутаттары Көкшетау, Семей және Өскеменде ресейліктердің көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын салуын реттейтін заң жобасын қабылдаған еді.