Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полиция мекемесіне жеткізілді.
Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.