«Күйеуімді жақсы көргеннен еркелетемін»: Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Әнші Алтынай Жорабаева желі қолданушыларының сынына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жанкүйерлері оның күйеуімен бірге түскен видеосына «Күйеуіңізді кішкентай бала секілді еркелетесіз» деп жазған.

«Кез келген жан күйеуін, әйелін жақсы көргенде еркелетіп жібереді ғой. Жақсы көріп, еркелеген, еркелеткен кез келген жан менімен келіседі деп ойлаймын. Әлде, олай жақсы көріп, еркелеткенді сезініп көрмегенсіз-ау», – деп жауап берді әнші.