«Күйеуден жолы болды»: Қыран Талапбек әйеліне тағы да көлік сыйлады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/gulzada_tl

Танымал мобилограф Қыран Талапбек әйелі, актриса Гүлзада Тұрлашқа көлік сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы әйеліне Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйлаған.

“Туған күнің құтты болсын, махаббатым! Кездесіп жүргенде оған ‘гелик’ сыйлаймын деп уәде бергем. Айттым – орындадым, – деп жазды Қыран Талапбек.

Желі қолданушылары екі жасқа өз тілектерін жаудырды.

«Бізге де жұғысты болсын», «Құтты болсын! Берекелі, мерекелі көлік болсын», “Қыранды дуалап алған”, “Күйеуден жолы болған”, «Керемет», – деп жазды желідегі оқырмандары.