Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен бетпе-бет келді. Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Юлия есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.
Екі сағат жарым уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Векич 2 эйс, 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингіде 37-сатыдағы чехиялық Катержина Синякованың қай жеңгенімен таласады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы