Әйгілі Джей Ло Қазақстанға келмек

Фото: instagram.com/onthejl

Бұл туралы әншінің Instagram желісіндегі ресми дереккөзден белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопес гастрольдік сапары аясында 1 тамызда Астанада Astana Arena-да өнер көрсетеді.

Тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде: Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби және т.б. бар.

— Барлық халықаралық JLovers үшін айтарым, мен осы жазда бірнеше таңдаулы орында өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізді көргенше асықпын. Бұл таңғажайып жаз болады, — деп түсіндірді Дженнифер Лопес алдағы тур туралы.